Қордайда табиғи апат салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады
Қордайда 17 шілдеде орын алған табиғи апат салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі кезде бүлінген тұрғын үйлердің ауласы қоқыстан толық тазартылған.
Ал Беріктас және Соғанды ауылдық округтеріндегі қираған инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру жұмыстары іске асырылса, Бріктас ауылындағы 219 абонент газға қосылып, 6 аулада тазалық жұмыстары жүргізілген.
Сонымен бірге аталған ауылда 2 бригада (10 адам, 5 техника) және Соғанды елді мекенінде 3 бригада (15 адам, 2 техника) электр желілерін реттеу жұмыстарын жүргізді. Барлық үйлер газ, электр желілеріне қосылған.
Бұдан бөлек, 30 адам Қақпатас өзенінің арнасын ағаштардан тазалауға атсалысты.
Ал қазіргі кезде «ҚазТрансГазАймақ» газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатса, "Соғанды-Бетқайнар" автожолындағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қордай ауданының бірқатар ауылдық округтерінде дауыл және қатты жаңбыр салдарынан таулы жерлерде көлбеу ағыны орын алған болатын.
Аудандағы жағдай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бақылауында.