Қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі

Биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. 2024 жылы осы мақсатта 1,5 млрд текше метр су жіберілді.
Мысалы, Қызылорда облысының көлдер жүйесін сақтауға 889 млн текше метр, Павлодар облысының Шідерті өзенінің сағаларына 87,5 млн текше метр, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдерінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін Нұра өзеніне 29,7 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының Елек өзеніне 90 млн текше метр су жіберілді. Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарынан 144 млн текше метр, ал Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалының нысандарынан 133 млн текше метр су жіберілді.