Өрт сөндірушілер алғысқа бөленді

0 10

 

Жамбыл облысының құтқарушылары соңғы уақытта тұрғындар тарапынан атқарған кәсіби шеберліктері мен жедел әрекеттері үшін алғысқа бөленуде. Азаматтық қорғау органының әрбір қызметкері үшін тұрғындардың алғысына бөленіп, шынайы ықыласына ие болу үлкен мәртебе. Бұл оқиға барысында да өрт сөндірушілер тез әрекет етіп, төтенше жағдайдың алдын алды.

6 қазан күні 15 сағат 47 минутта Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Меркі  ауданы Жамбыл ауылындағы тұрғын үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы тұрғын үйдің шатырының өртке оранғандығын анықтап, қызыл жалынды бір сағаттан астам уақытта жойған. Өрттің ауданы  алпыс шаршы метрді құрады. Тілсіз жаудың салдарынан үйдің шатыры зақымдалды. Алайда, от жауынгерлері тұрғын үйдің толық жанып кетуіне жол бермеді. Өз кезегінде үй қожайыны тұрғын үй мен қора-жайларды дер кезінде сөндіріп әбжілдік танытқан өрт сөндіруші-құтқарушыларға шынайы алғысын білдірді.  Дұрыс әрекеттің нәтижесінде қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды үнемі ескертеді. Өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын  еске саламыз. Алайда, сақтансаң сақ боларсың дегенді де ұмытпайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.