«Орта салмақтың патшасы оралды»: Жәнібек Әлімханұлы қарсыластарына үндеу жолдады

Боксшы Х желісіндегі парақшасына қарсыластарына арнап жазба жариялаған
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамес (WBC) мен Эрисланди Лараға (WBA) үндеу жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жерлесіміз қарсыластарына қарата орта санаттағы негізгі төрт белбеуді де жеңіп алатынын шегелеп айтқан.