Жаңалықтар

Қостанайға көмек: Тараздық блогердің оқырмандары бір тәулікке жетпей, 27 миллион теңге жинады

Әлеуметтік желіде 1 миллионнан астам оқырманы бар белгілі тараздық блогер Жансерік Қадырбаев қарғын судан зардап шеккен Қостанай облысының халқына арнап, есепшот ашқан-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Блогер әуелі Қостанай облысының су басқан елді мекендеріне арнайы барып, жағдайды өз көзімен көріп, халықпен тілдесіп қайтқан. 

Ал Жансерік Қадырбаев қарғын судың азабын көріп жатқан ағайынға  көмектесу үшін есепшот ашқан. 

Жансерік Қадырбаевтың оқырмандары оның ұсынысын бірден қолдап, қостанайлықтар үшін ашылған есешотқа ақша аудара бастаған.

Қайырымды жандар айналдырған бірнеше сағатта есепшотқа 27 миллион теңге аударып үлгерген. 

Айта кетейік, жиналған қаржы Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың керек жарағына жұмсалады.

Автор: Сейділдаева Айнура

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті