Қостанай облысында су тасқынына қарсы 18 гидротехникалық нысан жөнделді

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қостанай облысында су тасқыны кезінде судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін 18 гидротехникалық нысан жөндеуден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймақтағы 21 елді мекенде тасқыннан қорғау мақсатында бөгеттер салу жұмыстары аяқталды. Олар Қостанай облысының 9 ауданында және Рудный қаласында бой көтерді.
Қазір Жангелдин ауданындағы Шеген, Сарысу және Тауыш ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Гидротехникалық нысандар тәулік бойы бақылауда.