Жаңалықтар

Қостанай облысында құтқарушылар 31 адамды қар құрсауынан алып шықты

Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді

Қостанай облысында боран салдарынан 19 көлік қарға кептеліп, жолаушылар қиын жағдайда қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқиға түнде, Амангелді ауданының Амантоғай ауылынан 20 шақырым жердегі "Әулиекөл-Жалдама" тас жолында орын алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жоғары өтімді техникамен 31 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялап, оларды жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарылған азаматтар жедел әрекет еткен мамандарға алғыс білдірді.