Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтірді
Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді
Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтіріп, полицияға өзі берілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Almaty.tv. сілтеме жасап.
Ол кінәсін мойындапты. Алдын ала мәлімет бойынша 47 жастағы күдікті марқұмның басына аңшылыққа шығатын мылтықпен екі рет оқ атыпты. Ол Қостанай облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген көрінеді. Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді.