Таразда отан алдындағы борышын өтеген сарбаздарды шығарып салды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын запасқа шығарып салу салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге жан-жақтан келген 300-ден астам сарбаз атқарған қызметтері үшін ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының, әскери бөлім командирінің және басқа да өзара әрекеттес органдар басшыларының атынан марапатталды. Сонымен бірге аталған іс-шарада сарбаздарға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлеген «Срочник 2.0» бағдарламасы бойынша бөлінген 43 оқу гранты табысталды. 5513 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник А.Эглит: «Ел қорғау-ердің міндеті» демекші, Сіздер әскери борыштарыңызды өтей отырып, өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар. Әрқашан Отан қорғаушы азаматының атын биік ұстап, әскери өмірден алған тәжірбиелеріңізді болашақта ұтымды да лайықты пайдаланатыңдарыңызға бөлім басшылығы атынан сенім білдіремін»- деп сарбаздарға адал қызметтері үшін алғыс айтты.