Отандасымыз әлем чемпионатында алтын алды

0

Қазақстандық Рахат Бекболат Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды.

Қызылордалық ауыр атлет 102 келіде сынға түсті. Қоссайыстың нәтижесімен ол 377 (175+202) келіні бағындырды. Екінші және үшінші орындарға болгариялық Василь Маринов пен грузиялық Заза Ломтадзе ие болды.

Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі.

Айта кетейік, ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын.

Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.