«Бала арманым орындалды»: Төреғали Төрәлі ұстазына тон кигізгенін айтты
Туған жеріне ат басын бұрған әнші бала күнгі арманын орындаған
Ол туған ауылына барып, білім алған мектебін көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бала күнінен ақын болуға талпынған Төреғали Төрәліге бастауыш сыныпта Балшекер апайы білім берген.
«Қазір бәрі ауысып кеткен шығар. Әркімнің туған жері Мысырмен тең. Оқушы Төрештің қандай болғанын мектебімдегілерден басқасы біле бермесі анық. Өнерлі Төреш, ақылды Төреш, әрине тентек Төреш», – деп жазды әнші.
Бала Төреш кішкентай кезінен арманшыл болған екен. Өскенде ақын әрі чемпион болуды арман еткен балаға әрине ешкім сене қоймаған.
Өз анасы кимеген шубаны, апайына сыйламақ болғаны күлкісін келтірсе керек, сыныптастарының күлкісіне қалған.
«Балшекер апайыма, мен сізге өскенде шуба кигіземін» деп айтқаны да күні бүгінгідей көз алдында.
Ол уақытта орныдалмайтын армандай көрінгенімен, эстрада жұлдызы оқушы кездегі арманын орындап, концертіне келген Балшекер апайына расында шуба кигізген.