Жаңалықтар

Отандық телеарналар мен радиолар уақытша жұмысын тоқтатады

15 мамырда кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телеарналар мен радио бір күн жұмыс істемейді

Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады,- деп жазады jambylinfo.kz.

"Ағымдағы жылғы 15 мамырда (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.