Жаңалықтар

"Отаның құны - 50 миллион теңге": Арман Қоңыр оқырмандарына өтініш айтты

Ол Айсапар Әбдірахман есімді науқастың жағдайын баяндап, көпшіліктен оған көмек қолын созуды өтінген

Әнші Арман Қоңыр әлеуметтік желіде оқырмандарына өтінішін жеткізді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өнер иесі Айсапар Әбдірахман есімді науқастың ауыр халін баяндаған. 

Арман Қоңырдың сөзінше, науқастың бүйрегін ауыстыру  үшін операцияға 50 миллион теңге қажет. 

"Ассалаумағалейкум құрметті Қазақ елі, құрметті бауырлар! Сіздерге үлкен өтінішпен шығып отырмыз. Айсапар қарындасымыз қазір қиындықпен сыналып жатыр екен. Сол сынақтан өтуіне сіз болып, біз болып көмектесіп, қол ұшын созып жіберсек деген ниеттеміз. Дертті беруші Алла, шипасын да беруші Алла! Біз соған себепкер болып қолдан келгенше көмектесіп, дұға жасап барынша атсалысайық! Бұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін! Тым болмағанда осы видеоны таратып көпшіліктің көруіне себепкер болуыңызды өтінемін!", – деп жазды Арман Қоңыр.