Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өтуі мүмкін. Мұндай ұсынысты президент Шавкат Мирзиёев жасады.
Конституцияға көрші елдермен достық саяси қарым-қатынастар орнату, өлім жазасын алып тастау, мұғалімнің мәртебесін заң жүзінде бекіту, азаматтардың мүлкіне қол тигізбеу, оларды қиратпау сынды өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Дереккөз: nehabarkaz