Пәкістанда дінаралық қақтығыстан 82 адам қаза тапты
156 адам жарақат алды
Пәкістанның солтүстік-батысында дінаралық қақтығыстан 80-нен астам адам қаза тапты. 156 тұрғын жараланған. Оқиға жергілікті халықтың наразылық акциясына шығуына себеп болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv cілтеме жасап.
Шииттер мен сүнниттер Ауғанстан шекарасы маңындағы Куррам деген ауданда жанжалдасқан. Қантөгіске жер дауы себепші. Соңғы мәліметке қарағанда, келіссөздер нәтижесінде 7 күндік ымыра жарияланып, қақтығыс тоқтаған. 21 қарашада басталған тәртіпсіздіктер кезінде әйелдер мен балалар да шабуылға ұшыраған.
Куррам ауданындағы шииттер мен сүнниттердің жер дауына байланысты ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстар жағдайды ушықтырды. Жергілікті билік шииттер мен сүнниттердің басшыларымен келіссөздер бастады.
Алайда келіссөздер жүргізуге келген делегация тікұшағы аймаққа қонған сәтте оқ астында қалды, деп мәлімдеді Пешавар қаласының қауіпсіздік қызметкері.