Пәкістанда лаңкестермен атыс кезінде 7 сарбаз қаза тапты

0 5

Пәкістанның Оңтүстік Вазиристан ауданында лаңкестермен атыс кезінде 7 әскери қызметкер қаза тауып, 5 содыр өлді.

Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, атыс Азман Манза ауылында антитеррорлық операция кезінде болған.

Аймақта операция әлі де жалғасуда.

Әскерге шабуыл жасаған топ туралы ақпарат әзірге жоқ.

«Техрик-е Талибан Пакистан» (TTP) террористік ұйымы 2007 жылы Пәкістанда құрылған және аймақтағы бейбіт тұрғындар мен әскерилерге шабуыл жасаумен келеді.

Исламабад TTP Ауғанстаннан басқарылады деп мәлімдейді.

2014 жылдан бері ТТР-ға қарсы әскери операциялар барысында Пәкістанда 5 мыңнан астам террорист жойылды, 700 -ден астам сарбаз қаза тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.