Пәкістанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

0 6

Пәкістанның солтүстік батысында су тасып, ондаған баспананы қиратты.

17 адам опат болды. Құтқарушылар 11 адамның денесін үйінді астынан алып шыққан. Марқұмдардың арасында әйелдер, балалар бар. Қанша адамның жарақат алғаны әзірге белгісіз. Жергілікті билік апаттан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілетінін мәлімдеді. Бірақ таулы өлке болғандықтан апатты аймаққа жетудің өзі қиынға соғып тұр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.