Жаңалықтар

Пара дзюдошы Зарина Раифова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Спортшы Қазақстанның қоржынына 8-ші медальді салды

Парижде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Раифова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Зарина Раифова пара дзюдоның J2 санаты бойынша қола жүлдеге таласта (+70 кг) салмақ дәрежесінде италиялық Коралина Костаны жеңді.

Осылайша, пара дзюдошы ел қоржынына 8-ші медальді салып отыр. 

Еске салайық, 7 қыркүйектің қортындысы бойынша пара спортшыларымыз  2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.