Параолимпиада-2024: Бүгін кімдер жарыс жолына шығады
Парижде Параолимпия ойындарының екінші күні өтіп жатыр
30 тамызда Парижде өтіп жатқан Параолимпия ойындарында 2 спортшы жарыс алаңына шығады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады Jambylinfo.kz.
Пара таеквондо (Камила Досмалова– 57 кг – К44) және пара жеңіл атлетика (Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м жүгіру) бойынша 2 медаль жиынтығы ойналады.
Пара таеквондо жеребесі бойынша Камила Досмалова 1/4 финалда параойындар жеңімпаздарына қарсы шығады Джульетта Мойпо (Кения) - Мария Мицев (Сербия).
Пара жеңіл атлетикада Салтанат Әбілқасымқызы (100 метрге жүгіру) өнер көрсетеді.
Еске салайық, параолимпия ойындары 28 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді.