Жаңалықтар

Париж-2024: Демеу Жадыраев - ширек финалда

The final spritzer

Жерлесіміз олимпиаданы сәтті бастады

Париж  олимпиадасында грек-рим күресінен 77 келіде Демеу Жадыраев колумбиялық қарсыласын таза жеңіп, келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ширек финалға шыққан балуанымыздың келесі қарсыласы әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері, қырғыз балуаны Ақжол Махмудовпен белдеседі. 

Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 8 балуан жолдама алған. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі - грек-рим күресінің өкілдері. Өкінішке қарай, кеше 60 келіде  Айдос Сұлтанғали жарысты аяқтады.