Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы аяқталды

Келесі Олимпиада ойындары 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтеді

Франция астанасы Париж қаласында XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Халықаралық Олимпиада комитетінің  президенті Томас Бах Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаған соң Олимпиада алауы сөндірілді. 

Ол өз сөзінде келесі Олимпиада ойындары 2028 жылы  Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында өтетінін мәлімдеді. 

Мұнан соң Париж Олимпиадасы аяқталуына орай, шоу бағдарлама көпшілік назарына ұсынылып, 
Олимпиада ойындарының отаны Грекияның туы табысталды. 

Париждегі Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын   гимнаст Эльжана Таниева мен таэквондошы Батырхан Төлеуғали ұстап шықты. 

Еске салайық, Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Ұлттық құрама спортшылары спорттың 25 түрінен 80 спортшы бақ сынады. Қазақстан жалпы командалық есепте 43 орынға тұрақтады.