Жаңалықтар

Париж Олимпиадасында спортшыларға ет-сүт өнімдері аз ұсынылмақ

Олимпиадаға қатысушыларға ет-сүт өнімдері 2021 жылмен салыстырғанда екі есе аз берілмек.

Ет-сүттің орнына вегетариандық ас мәзірі көбірек ұсынылмақ, -деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Париж олимпиадасы кезінде әлем спортшылары тұтынатын азық-түліктің 80 пайызы Францияда өндіріледі. 

Бұны Жазғы ойындарға тағам жеткізетін «Каррефор» компаниясы мәлімдеді. 

Оның сөзінше, атлеттерге қажетті азық-түлік Олимпиада деревнясынан 250 шақырымға жетпейтін фермаларда өндіріледі. 

Себебі мұндай жағдайда сол өнімді тасымалдаудан ауаға тарайын улы газ азаяды.