Жаңалықтар

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық көрме ашылды

The final spritzer

Көрме 19 маусымға дейін жалғасады

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Париждің  ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы және Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған көрмеге Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан 70-ке жуық жәдігер қойылды. Олардың қатарында композитордың партитуралары, сирек фотолары, жеке заттары және Ахмет Жұбанов сыйға тартқан әйгілі «Дариға домбыра» да бар.