Жаңалықтар

Павлодар облысында ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар облысында ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген азамат өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады Polisia.kz Jambylinfo.kz; сайтына сілтеме жасап

5 тамызда Шарбақты ауданының 45 жастағы ауыл тұрғыны Жаңа-ауыл ауылында мас күйде көлік жүргізген. Салдарынан, ауылға кіреберісте жол жүру қауіпсіздігін сақтамай, жол-көлік оқиғасын жасады. Жәбірленушінің Mitsubishi Outlander көлігі зақымданды.

Осы факті бойынша Шарбақты ауданының полициясы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

26 қазанда аудандық соттың үкімімен ауыл тұрғыны төрт жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар сотталған жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық залалды төлейді.