Жаңалықтар

Павлодарда өгей қызын зорлады деп ер адам күдікке ілінді

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Павлодар облысында мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен өгей әкесі ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі Сәуле Шәкеневаның дерегінше, күдікті Баянауыл ауылының тұрғыны қыздың өгей әкесі болып шықты.

Бұл факт оқушының жағдайына назар аударып, оны қадағалап, үйіне барып, бақылау жүргізген сынып жетекшісінің арқасында ашылып отыр. Ол алгоритм бойынша әрекет етіп, жағдайға кінәліні табуға жәрдемдесті, - деді Шәкенева.

Полиция бұл ақпаратты растады.

Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сәуле Шәкеневаның пікірінше, мектеп оқушысы қазір дәрігерлердің бақылауында.

Кәмелетке толмаған баламен психологтар жұмыс істеп жатыр, - деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында өз қызын зорлаған ер адам тергеу изоляторында өз көзін ойып алған дерек шыққан еді. Сотта қыздың биологиялық әкесінің жыныстық зорлық-зомбылығы екі жылдан аса уақытқа, 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін созылғаны анықталды.