Павлодарда өрт сөндіру көлігі мектеп автобусымен соқтығысты: 6 бала зардап шекті

0 2

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сай, бүгін сағат 14:15-те Елгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында «КамАЗ» маркалы өрт сөндіру көлігі «ПАЗ-32053-70» мектеп автобусымен соқтығысқан. Автобус инерциямен тұрақта тұрған «Volkswagen « жеңіл автокөлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 6 бала медициналық көмекке жүгінді. « Тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды «, — делінген полиция хабарламасында. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шақырту туралы хабар сағат 14:19-да түсті. Екі жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жеткен. Зардап шеккен барлық бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.