Павлодарда сотталғандар ұлттық стильдегі тұрмыстық заттар жасайды

0 2

Облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталғандар атқа мінуге арналған ер-тоқымдар мен ат әбзелдерін, сондай-ақ үйге арналған ұлттық стильдегі бұйымдарды дайындайды. «Бүгінде тауарлар сұранысқа ие. Барлық қажетті материалдарды мекеменің өндірістік аймағына жеткіземіз. Мысалы, ер-тоқымды жасау үшін шамамен бір апта кетеді. Тапсырыс берушілердің өлшемдері мен эскиздерін сотталғандарға береміз. Барлық өнімдер тапсырыс бойынша жасалады. Сапасы жағынан қала базарларында сатылатын заттардан ерекшеленбейді», — деп атап өтті «Еңбек Павлодар» РМК басшысының орынбасары Асылбек Сапарбекұлы. Ұлттық бұйымдарды өндіру цехында бес сотталған жұмысқа орналастырылды. Олардың барлығы атқарған жұмысы үшін жалақы алады. Колония басшылығының айтуынша, олар алынған қаражатты қажетті заттарды сатып алуға жұмсайды және сот шағымдарын өтейді

Leave A Reply

Your email address will not be published.