Перизат Қайратқа қатысты іс наурызда аяқталады
Одан кейін тараптар қылмыстық іспен танысады. Ал ол қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Перизат Қайратқа қатысты 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс наурыз айында аяқталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Жеңіс Елемесовтің айтуынша, сот Перизат Қайратқа қатысты қамау мерзімін ұзартты, қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Айта кетейік, 2024 жылдың 14 қарашасында BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Ол бұл қаражатты көктемгі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін жинаған. Алайда тергеу мәліметінше, ол қайырымдылыққа жиналған қаражаттың басым бөлігін жылжымайтын мүлік пен қымбат бұйымдар сатып алуға жұмсаған.