Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды

Жуырда сот басталады
«Biz Birgemiz Kazakhstan» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz orda.kz сілтеме жасап.
Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды. Іс бойынша шығын 3,5 миллиард теңге болды. Ол үйқамақта отыр. Оның анасын да соттағалы жатыр. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Еске салайық, Перизат Қайрат су тасқыны кезіндегі қаражатты және Палестина халқына гуманитарлық көмекке жиналған 200 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлады деген күдікке ілінген.
Осы жағдайдан кейін Перизат Қайрат үстел теннисі федерациясы президенті қызметінен босатылды. Кейін белсендінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін заңсыз 22 миллиондай пайда тапқаны анықталды.
Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау», «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүліктерді, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдерін үкімет тәркіледі.