Жаңалықтар

Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін

Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 00:00-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін.

 Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс аумағындағы басқа ауылдарға бара жатыр. 

Қазір облыс аумағындағы 60-қа жуық жолды су басқан. Соның 4-і республикалық жол. Жүк көліктері кезекпен өткізіліп жатыр.

Ал Петропавлда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Электрмен жабдықтау мәселесі кешкі 21:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтты.