Петропавлда мектеп оқушысы жігіттермен интернетте бойжеткен болып танысып, ақша тапқан

0 8

Петропавлда 16 жастағы бозбала интернетте жалған парақша ашып, жігіттерді ақшаға алдап келген

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың бірқатар тұрғыны интернет-алаяқтық туралы арыздарымен полицияға жүгінді. Жәбірленушілердің дені жастар. Олар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сұлу бойжеткенмен танысқандарын айтқан. Бірер рет хат алмасқаннан кейін «виртуалды таныс» қарызға ақша сұраған, алайда оны қайтаруды ойламаған. Шығын сомасы 13 мың теңгеден бастап 316 мың теңгеге дейін жетеді. Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері парақшаның жалған екенін анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні тапты, ол Петропавлдың 16 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Парақшадағы есімді жасөспірім кездейсоқ таңдап, тартымды бойжеткеннің фотосын интернеттен алып орналастырған. Күдікті бала ата-анасының кепілдігімен босатылды. Аталған фактілер «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бүгінгі таңда істе 4 эпизод бар, полицейлер жәбірленушілердің санын нақтылап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.