Жаңалықтар

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

The final spritzer

Ұландықтар 250 мың құм толы қап дайындады.

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт өзгеруі байқалады, екпінді жел күшейе түсті. Қызылжар ауданы Тепличное ауылында салынған бөгеттерді күшейту үшін су тасқыны салдарын жоюға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясының курсанттары тартылды
 

Сарбаздар мен курсанттардың жағдайына қоғам да бейжай қарамай, қолдан келген көмегін көрсетуде. Атап айтқанда, "Ана жүрегі" сарбаздар аналарының комитеті жауынгерлердің жағдайын назарда ұстап, түрлі қолдау шараларын іске асырып келеді.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның курсанттары мен әскери қызметшілері, сондай-ақ еріктілер инертті материалдары бар қаптардың көмегімен бөгеттерді нығайта отырып, су тасқынына қарсы күресті жалғастыруда.