Жаңалықтар

Петропавлдағы Култышевтар отбасында 19-шы сәби дүниеге келді

Кулытышевтар - еліміздегі ең көпбалалы отбасы

Қызылжарлық көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді. Олардың 10 ұлы мен 9 қызы бар, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жергілікті басылымда хабарлағандай, 43 жастағы Татьяна Култышева 6 тамызда қыз босанған. 

Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы жақсы. Сәбидің салмағы – 4250 грамм және бойы 56 сантиметр.

Айта кетейік, көпбалалы ерлі - зайыптылар ата-әже атанып үлгерген. Олардың
тұңғышы Иннаның жасы қазір 23-те, оның өз жанұясы, балалары бар.