Плей-оффқа өте алмады

0

Балтық жағалауында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңдегі бәсекелері аяқталып, жаһандық до­даның плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар белгілі болды. В тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы соңғы турда Норвегия хоккейшілерімен кездесіп, қарсыластарына жол берді.

Әлем чемпионатының топ­тық кезеңдегі соңғы турында Қазақстан мен Норвегия хок­кейшілерінің жолы түйісіп, кездесу қарсыластың жеңісімен аяқталды. Бірінші кезеңде командалар ұзақ уақыт бір-бі­рінің қақпасынан саңылау таба алмай, біраз әбігерге түсті. Де­генмен 10-минуттан бастап қар­сыластарын қыспаққа алған Қа­зақстан құрамасы бірінші кезеңнің аяқталуына 4 минут қалғанда гол соға алды. Қор­ғаушы Виктор Сведбергтен та­маша пас алған шабуыл­шы Дмитрий Шевченко қақ­пашымен бетпе-бет шығып, әлем чемпионатындағы алғашқы шайбасын соқты.

Екінші кезеңде Норвегия хоккейшілері басымдықты өз қолдарына алып, 28-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Томас Валквэ Олсен Матиас Трет­тьенстің шығарған пасынан кейін Қазақстан қақпасына шайбаны дәл бағыттады – 1:1. Үшінші кезеңді де белсенді бастаған қарсыластар ойын бас­тала салысымен қақпамызға екінші шайбасын соқты. Гол авторы – Стефан Эспеланд. Біздің командада есепті теңестіру былай тұрсын, есепте алға шы­ғатын бірнеше мүмкіндік бол­ғанымен, хоккейшілеріміз ұрым­тал сәтті тиімді пайдалана алмады. Норвегиялықтар «сен соқ­­пасаң, саған соғады» деген қағи­даны берік ұстанып, кезде­судің аяқталуына бір минут қалғанда үшінші голын соғып, кез­десудің нүктесін қойды. Қо­ры­тынды есеп – 3:1, Норвегия хоккейшілерінің пайдасына.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.