Подъезге көрпеге ораулы сәбиді тастап кеткен

0

 

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен көрпеге ораулы сәби табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, баланың дені сау.

3 наурызда сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ші ықшам аудандағы үйлердің бірінің кіреберісінде белгісіз біреу есік алдына кішкентай сәбиді тастап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол көрпеге оралған екі айлыққыз бала болып шықты. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың дені сау, медициналық мекемеге жеткізілді, — деп атап өтті полициядағылар.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Полиция сәбидің анасын іздеп жатқандықтарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.