Жаңалықтар

"Полицейдің 11 баласы жетім қалды": Жамбылда ірі жол көлік апатынан 6 адам қаза тапты

Патрульдік полиция мен жолаушы көлігі соқтығысқан

Жамбыл облысында Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,  Тoyota Alfard қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде салонындағы 8 адамның 4-еуі тіл тартпай кеткен. Көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілген. 

Ал Skoda-Octavia полиция көлігіндегі екі тәртіп сақшысы да оқиға орнында жан тапсырған. Полицейлердің бірі - 11 бала өсіріп отырған көпбалалы әке болған.