"Полицейлер қарап тұрды": Күйеуі әйелін пышақтағанда полицейлер араша түспеген - журналист
Жантүршігерлік оқиға Маңғыстау облысында болған
Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелді пышақтап тастады. Бұл туралы жергілікті Instagram 911.aktau. жариялады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Видеодан дүкен алдында қанжоса болып жатқан әйелді көруге болады.
Видео авторының айтуынша, ер адам "Рахат" супермаркетінің маңында әйелін пышақтап кеткен.
Ал белгілі журналист Оңғар Қабден желідегі парақшасына күйеуі әйелін пышақтап жатқанда тәртіп сақшылары ешқандай амал-әрекет жасамағанын жазған.
Әлеуметтік желі қолданушылары полицейлердің бұл әрекетін сынға алған.
Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері әйелін пышақтаған ер адамның ұсталғанын хабарлады.
Күйеуінен жапа шеккен әйел қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.