"Полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым": Өскеменде жалған ақпарат берген мас әйел ұсталды
Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады.
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz. cілтеме жасап.
"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады.
Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған. Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Полицейлер азаматтардан барлық жағдайда жауапкершілік танытуды сұрайды, себебі осындай жалған қоңыраулар мен хабарламалар айналадағы адамдарға қауіп төндіретінін ескертеді.