Полиция жоғалған ер адамды тауып, отбасымен қауыштырды

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері қала орталығында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ ер адамды анықтады
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол құжаттары мен тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Тәртіп сақшылары оның туыстарын іздеуге дереу кірісіп, Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қарт ата-анасы баласын жоғалтып, екі жарым ай бойы іздестіріп жүргенін анықтады.
Полицияның жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ол отбасымен қайта қауышты. Қарт ана ұлын аман-есен тапқанына қуанып, полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.