Темір жолда адам өлімі: ҚТЖ қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) темір жол бойына шыққан екі әйелді пойыз басып кетті. Бірі оқиға орнында жан тапсырып, екінші адам шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жапа шеккен жанның тезірек сауығып кетуін тілейді.