Президент айқындап берген маңызды міндеттерді іске асыру керек — Мәулен Әшімбаев

0 14

Ел азаматтары Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен Әділетті Қазақстан құру мақсатына бірауыздан қолдау білдірді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«20 қарашада елімізде сайлау өтті. Мемлекетіміз үшін аса маңызды кезеңде халық өз таңдауын жасап, дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын жариялады. Сайлаушылардың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс берді. Осы орайда ел азаматтары Мемлекет басшысының стратагиялық бастамалары мен Әділетті Қазақстан құру мақсатына бірауыздан қолдау білдірді. Сайлау ашық әрі әділ өтуі үшін барлық тиісті жағдай жасалды», — деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, отандық және халықаралық байқаушылар сайлаудың ұлттық заңнамалар мен осы бағыттағы халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді.

«Жалпы, бұл сайлау Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды. Енді, алдымызда Президент айтқындап берген маңызды міндеттерді іске асыру жолындағы ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан бәріміз бірге сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген басымдықтарды табысты жүзеге асыруымыз қажет. Осы бағытта бірлесіп нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін», — деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Оорталық сайлау комиссиясының дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.