Президент ақын Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек ері атағын берді

0 6

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановқа құрмет көрсетті. «Кеше өмірден өткен Шәмші Қалдаяқовқа Қазақстанның еңбек ері атағы берілгенін білесіздер. Ол ұлт руханиятында ерекше орны бар аса көрнекті тұлға. Шәмшіні халқымыз қазақ вальсінің королі деп дәріптейді. Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге танымал. Жақында Шәмшінің іні досы Мұхтар Шаханов сексен жасқа толады. Оның шығармашылық еңбегі қандай құрметке де лайықты. Ол кісі өте шыншыл адам. Мен Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек ері атағын беру туралы жарлыққа қол қойдым. Ұлытаудың төрінде осы марапатты беруді жөн көрдім», – деді мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.