Президент Астана митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.