Жаңалықтар

Президент аудан әкімдерін сайлауды 2024 жылы өткізуді ұсынды

Президент аудан әкімдерін сайлауды 2024 жылы өткізуді ұсынды

  Аудан әкімдерінің тікелей сайлауын 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. «Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу – халық билігін ортанудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.