Жаңалықтар

Президент Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Jambylinfo.kz

– Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Елена Рыбакина Штутгардтағы WTA-500 турнирінің жеңімпазы атанды. 

Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, Porsche Taycan көлігін мінді. 

Штутгардтағы жарыс – грунтдағы WTA-500 турнирінің белдісі. Елена биыл үшінші рет WTA-500 турнирін жеңіп отыр.