Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің жабылуында сөз сөйледі. Өз сөзінде мемлекет басшысы Астанада бірнеше күн бойы түрлі мәдениет пен өркениеттің өкілдерінің кездесулері өтіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент өз сөзінде меймандардың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екенін тілге тиек етті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шын мәнінде, салмақты және сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі.