Жаңалықтар

Президент Мьяньма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Тоқаев Мьяньмада орын алған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтқан

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.