Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды

0 5

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек.

Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.