Президент Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын жан-жақты талқылады.
Қ. Тоқаев шейх Тамим бен Хамад Әл Тәниге форумға шақырғаны және жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді.
Әңгіме соңында Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, жақын арада елімізге сапармен келуге ниетті екенін нақтылады.