Президент сайлауы: Мейрам Қажыкенді қолдайтын штаб ашылды

0 17

ҚР Президенті сайлауына кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жұмысын бастады, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«21 қазан күні сағат 18:00-де «ҚР Сайлау туралы» Заңға сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің штабы ашылды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат жұмысының жоспары бекітілді. Үгіт-насихат жұмыстарына Мейрам Қажыкеннің өзі қатысады. Сондай-ақ үміткердің 138 сенімді адамы жұмыс істейді», — деді ҚР Президенті сайлауына кандидат М. Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жетекшісі Әбіл Кекілбаев.

Оның айтуынша, еліміздің 14 өңірінде үгіт-насихат штабы жұмыс істейді.

Еске салсақ, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.